
Ақтау қаласында Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеясын ілгерілету мақсатында «Сауатты бол» өңірлік жастар жиыны өтті.
Жиынның басты мақсаты – жастардың құқықтық, қаржылық, діни, медиа, мәдени және цифрлық сауаттылығын арттыру.
Іс-шара барысында қатысушыларға төрт бағыт бойынша ақпарат ұсынылды:
Дәулет Мұқаев жиынның ашық әрі еркін форматта өткенін атап өтті:
«Жастар өз ойын ашық айтуы және өзгелердің пікірін құрметтей білуі керек. Осындай кездесулер олардың ой-өрісін кеңейтіп, қоғамда белсенді әрі жауапты азамат болып қалыптасуына көмектеседі. Бүгінде жастардың көпшілігі қаржыны дұрыс жоспарламай, қиындықтарға тап болады. Сондықтан табысты тиімді бөлу, артық шығыннан сақтану және несие алу кезінде нені ескеру керектігін білу өте маңызды. Қаржылық сауатты адам өз болашағын алдын ала ойлайды және кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алады».
Жиын жастарға өз мүмкіндіктерін кеңейтуге, құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болды.
https://www.instagram.com/reel/DSMrPyzCihS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==