Әз-Наурыз мерекесінде полиция қызметі таныстырылды

Әз-Наурыз мерекесінде полиция қызметі таныстырылды

Әз-Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шара барысында көпшілік назарына полиция бөлімінің арнайы құрал-жабдықтары көрме ретінде ұсынылды.

Көрмеде тәртіп сақшыларының қызметінде қолданылатын заманауи техникалар мен жабдықтар таныстырылып, олардың жұмыс істеу ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді.

Әсіресе, қызметтік автокөліктер балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Кішкентай қонақтар көліктерді жақыннан көріп, олардың құрылымымен танысып, естелік суреттерге түсіп, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді 🚓✨

Мұндай іс-шаралар жас ұрпаққа құқық қорғау органдарының қызметін таныстырып қана қоймай, олардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға зор ықпал етеді 👮‍♂️