
Маңғыстау облысы Полиция департаменті есірткі қылмыстарына қарсы жүйелі жұмыс жүргізуде. 2026 жылдың басынан өңірде есірткі айналымы саласындағы 102 құқық бұзушылық анықталды.
Олардың ішінде:
32 есірткі қылмысы тіркелді, соның ішінде:
2 дерек есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау,
1 дерек есірткі насихаты,
2 дерек есірткі құрамындағы өсімдіктерді өсіру,
5 дерек есірткінің заңсыз айналымымен байланысты.
70-тен астам басқа құқық бұзушылықтар.
Заңсыз айналымнан 33 кг-нан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде:
Ираннан жеткізілген 28 кг-нан астам опий (2 күдікті ұсталды);
3,7 кг-нан астам марихуана (1 күдікті ұсталды).
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Есірткі қылмысының алдын алу мақсатында 140 граффити жойылып, интернет кеңістігі мониторингтен өткізіліп, есірткі саудасын жарнамалаған 340 сілтеме бұғатталды.
Халықты хабардар ету үшін 170-тен астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Полиция департаменті азаматтарды есірткі заттарын пайдаланудан бас тартуға шақырады, себебі бұл тек денсаулыққа ғана емес, адамның болашағына да зиян келтіреді.