Ақтауда 6 жасар қыз бала аман-есен табылды

Ақтауда 6 жасар қыз бала аман-есен табылды

2026 жылғы 17 наурызда сағат 14:34 шамасында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының «102» желісіне Ақтау қаласы, 34 шағын ауданындағы аялдамада 6 жасар қыз баланың адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Хабарлама бойынша Ақтау қаласы полиция басқармасы ҚҚБ Ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты С. Хайтбаева жедел әрекет етіп, іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, қыз бала аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылды.

Құқық қорғау органдары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды әрдайым жүргізіп келеді.

⚠️ Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға мұқият болып, оларды қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.

https://www.instagram.com/reel/DWEO82ZDOA8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==