
Жаңаөзен қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері А. Құнанбайұлы атындағы №19 жалпы білім беретін мектептің «Жас сақшы» полиция сыныбын «Үстірт қорығы» музейіне апарып, музей жұмысымен және қорықтың табиғи ерекшеліктерімен таныстырды.
Оқушылар өңірдің жануарлар дүниесі, өсімдіктері және табиғатты қорғаудың маңызы туралы қызықты танымдық ақпарат алды. Бұл шара жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін арттыруға және полиция сыныбының таным көкжиегін кеңейтуге бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DWER8TWjfUE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==