Маңғыстау облысында «Демалыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

Маңғыстау облысында «Демалыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

2026 жылғы 19–28 наурыз аралығында Маңғыстау облысы аумағында «Демалыс» жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және олардың қатысуымен жасалатын заңбұзушылықтардың жолын кесу.

Негізгі бағыттар:

  • Жасөспірімдер арасындағы құқықтық тәртіпті нығайту;

  • Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Ата-аналар мен заңды өкілдердің жауапкершілігін арттыру.

Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыздар. Олардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, заң талаптарын сақтауына көңіл бөліңіздер. Бірлескен күш-жігер арқылы біз балаларымыздың қауіпсіз болашағын қамтамасыз ете аламыз!