
Ақтау қаласында 22 наурыз күні Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралардың өтуіне байланысты жағалау бойындағы автожолдың бір бөлігі уақытша жабылады.
Жол қозғалысына шектеу 08:00-ден 18:00-ге дейін енгізіледі.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Айта кетейік, 21–22 наурыз күндері Ақтауда «Ұлыс күні, қош келдің еліме» атты мерекелік бағдарлама аясында жағалау мен амфитеатрда концерттер, көрмелер және халықтық серуендер ұйымдастырылады.