Ақтауда жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған баннерлер орналастырылды

Ақтауда жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған баннерлер орналастырылды

Жол-көлік оқиғаларының және балалар жарақаттануының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ жол қозғалысы мәдениетін арттыру мақсатында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы Ақтау қаласының негізгі көшелері мен қоғамдық орындарында ақпараттық-насихаттық баннерлер орналастырды.

Аталған іс-шара жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстар аясында жүзеге асырылуда.

Мамандардың айтуынша, мұндай көрнекі ақпарат құралдары жол қозғалысы қатысушыларының құқықтық санасын қалыптастырып, тәртіпті нығайтуға және жол-көлік оқиғалары деңгейін төмендетуге ықпал етеді.