Ақтау қаласы полициясының отбасы-тұрмыстық саладағы апталық есебі

Ақтау қаласы полициясының отбасы-тұрмыстық саладағы апталық есебі

2026 жылғы 6–13 наурыз аралығында Ақтау қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығының «102» желісіне отбасы-тұрмыстық қатынастар саласы бойынша 50 хабарлама тіркеліп, тиісті заңды шешімдер қабылданды.

Атап айтқанда:
– ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша 18 тұлғаға,
– 669-бабы бойынша 1 дерекке,
– өзге баптармен 2 әкімшілік хаттама жасақталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты 22 хабарлама жинақ ісіне қалдырылып, 6 хабарлама қайталануына байланысты біріктірілді.

Отбасы-тұрмыстық салада құқық бұзушылық жасаған 40 тұлға 1 ай мерзімге «қорғау нұсқамасы» есебіне алынып, оларға қатысты профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

❗ Отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұрып-соғу немесе денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактілері орын алған жағдайда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 108-1 және 109-1-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.

❗ Сонымен қатар, жүйелі түрде мазалау, аңду немесе хабарламалар арқылы психологиялық зиян келтіру фактілері үшін ҚР ҚК-нің 115-1-бабы («сталкинг») бойынша жауапкершілік қарастырылған.