Сталкинг — құқық бұзушылық

Сталкинг — құқық бұзушылық

Қазіргі таңда қоғамда жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі — сталкинг (қудалау, аңду, мазалау).

Көп жағдайда мұндай әрекеттер «жай қызығушылық» немесе «назар аударту» ретінде қабылданады. Алайда бұл — қате түсінік.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 115-1-бабына сәйкес,
адамды жүйелі түрде қудалау, бақылау, мазалау және оның жеке өміріне қол сұғу — қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады.

Аталған құқық бұзушылық үшін заңнамада айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе қамауға алу түріндегі жауапкершілік көзделген.

❗️ Әрбір азаматтың жеке өміріне қол сұғылмауына құқығы бар.
❗️ Ешкімнің тыныштығын бұзуға, қорқытуға немесе мазалауға жол берілмейді.

Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.

👉 Егер сіз немесе жақындарыңыз осындай жағдайға тап болса, құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Қауіпсіз қоғам — әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!