Маңғыстау ауданында «Квадрат» ЖПІШ аясында оқушылармен кездесу өтті

Маңғыстау ауданында «Квадрат» ЖПІШ аясында оқушылармен кездесу өтті

Маңғыстау ауданы аумағында ювеналдық полиция тобының инспекторлары, жедел уәкілдер және патрульдік полиция ротасының қызметкерлері бірлесе Батыр ауылында орналасқан «№15 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

📍 Іс-шара аудан көлемінде өтіп жатқан «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырылды.

👮‍♂️ Кездесу барысында оқушылармен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

⚠️ Кездесу барысында келесі тақырыптар қамтылды:
• буллинг және кибербуллинг
• интернет-алаяқтық
• есірткі қылмыстары
• топтасып төбелесу және оның құқықтық салдары
• жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін сақтау

🔒 Оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары түсіндірілді.