
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы департаменті қызметкерлерімен нашақорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында есірткі құралдарының заңсыз айналымының алдын алу, нашақорлықтың қоғам мен адам денсаулығына тигізетін зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға есірткіге тәуелділіктің салдары және оның адамның өмірі мен болашағына кері әсері туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, есірткі қылмыстары үшін көзделген жауапкершілік түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – қоғамда есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
https://www.instagram.com/p/DV-7UW6iHMH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==