Маңғыстаулық полицейлері студенттермен киберқауіпсіздік және жауапкершілік туралы кездесу өткізді

Маңғыстаулық полицейлері студенттермен киберқауіпсіздік және жауапкершілік туралы кездесу өткізді

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы  студенттермен диалогтық кездесу өткізді.

Іс-шара университеттің жатақханасында бейресми жағдайда өтіп, оған 65-ге жуық студент қатысты. Кездесудің басты мақсаты жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және шынайы өмірде де, интернет кеңістігінде де жауапты мінез-құлықты қалыптастыру болды.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері студенттерге азаматтар жиі кездесетін интернет-алаяқтықтың ең көп таралған схемалары туралы айтып берді. Әсіресе дропперлікке, яғни жастарды банктік карталар мен шоттарды пайдалана отырып заңсыз қаржылық операцияларға тарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Полицейлер тіпті өз банктік картасын үшінші тұлғаларға берудің өзі ауыр құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Сонымен қатар, қатысушыларға кибербуллинг және интернетте жасалатын басқа да құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Полиция қызметкерлері қандай әрекеттер әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын және бұл болашақта айыппұлдарға, шектеулерге немесе жұмысқа орналасу кезіндегі қиындықтарға қалай әсер ететінін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сондай-ақ жастар арасында жиі жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар тақырыбы қозғалып, заңнама нормалары мен жауапкершілік шаралары талқыланды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, заңнаманың практикалық аспектілеріне қызығушылық танытты және мамандардан нақты жауаптар алды.

Іс-шара соңында студенттерге интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық бойынша ұсыныстар беріліп, оларды қырағы болуға, күмәнді ұсыныстарға ермеуге және әрқашан заң аясында әрекет етуге ескертті.

 


 ПД баспасөз қызметі