
Сақ болыңыз, алаяқтар!: полиция қазақстандықтарды онлайн-алаяқтықтың жаңа схемалары туралы ескертеді
Полиция департаменті азаматтарға интернет-алаяқтардың жандануы туралы ескертеді.
Қаскөйлер жалған инвестициялық платформаларды, deepfake технологияларын қолдана отырып, сондай-ақ бұрын жоғалған инвестицияларды қайтару бойынша ойдан шығарылған қызметтерді ұсыну арқылы адамдарды қаржылық афераларға тартады.
Алаяқтардың жаңа әдістері:
• Бүркеншік атаулар: Егер бұрын алаяқтар «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының атынан фишингтік сайттар жасаса, бүгінде олар өз платформаларын екінші деңгейлі банктер мен ірі құрылыс компаниялары ретінде бүркейді.
• Deepfake технологиясы: Қылмыскерлер танымал адамдардың бейнесін, видеосын немесе дауысын пайдаланып, жалған инвестициялық жобаларды жарнамалайды және азаматтардың ақшасын иемденеді.
• «Ақшаны қайтару» туралы жалған уәделер: Әлеуметтік желілерде жосықсыз брокерлерден жоғалған қаражатты қайтару бойынша қызметтер белсенді жарнамалануда. Іс жүзінде бұл — бұрын зардап шеккен жандарды қайта алдауға бағытталған схема.
Сақ болыңыз!
Қаражатыңызды қорғау үшін келесі ережелерді сақтау ұсынылады:
• Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
• Дербес және банктік деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз;
• Инвестициялық ұсыныстарды мұқият тексеріңіз, әсіресе жоғары және кепілдірілген кіріс уәде етілсе;
• Алаяқтық белгілері анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласып, банкке ескерту жасаңыз.
Алаяқтар сіздің сеніміңізбен ойнайды. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз.
ПД баспасөз қызметі