
Бүгін, 15 наурыз күні, Жаңаөзен қаласындағы №95 сайлау учаскесінде полиция қызметкерлері – Жандос және Фирюза Меркибаевтар референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады.
Полиция капитаны Меркибаев Жандос Асқарұлы 2012 жылдан бері Жаңаөзен қалалық Полиция басқармасында қызмет атқарып келеді. Қазіргі уақытта рота командирінің орынбасары лауазымын атқарады.
Ал полиция капитаны Меркибаева Фирюза Сабитқызы 2020 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етеді. Қазіргі таңда Жедел басқару орталығының аға инспекторы.
2022 жылдың қаңтар айында шаңырақ көтерген жас отбасы ел үшін маңызды саяси науқанға қатысып, референдумға өз қолдауларын білдірді.
– Әрбір азамат ел болашағы үшін өз таңдауын жасап, дауыс беруі тиіс. Бұл – біздің азаматтық борышымыз, – деді олар.