
Қоғамда кең таралып жатқан интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында автокөлік базары аумағында азаматтармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері автокөлік сатушылар мен сатып алушыларға интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы ақпарат берді. Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеу, бейтаныс адамдарға жеке деректер мен банк картасының мәліметтерін бермеу керектігі түсіндірілді.
Сонымен қатар азаматтарға интернет арқылы сауда жасаған кезде тексерілген платформаларды пайдалану, алдын ала төлем жасамау және күмәнді жағдай туындаған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажеттігі ескертілді.
Мұндай түсіндіру жұмыстары азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған.