
ІІО жүйесінде “Заң мен Тәртіп – Балалық шақ қауіпсіздігінің кепілі” жылы аясында, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосындағы білім беру ұйымында бастауыш сынып оқушыларына “Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!” атты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушыларға бейнебаян арқылы жол белгілері, бағдаршамның адам өміріндегі маңызы түсіндірілді. Шараның басты мақсаты – Қазақстан сияқты бейбіт және тәуелсіз елде балалардың қауіпсіздігі мен аналардың бейбіт өмірін сақтау үшін әр азамат жол қауіпсіздігін білуге және сақтауға жауапты екенін насихаттау.
Оқушыларға мынадай тәртіптер үйретілді:
көшеде дұрыс жүру және жолдан өту кезінде абай болу;
көліктердің алдыннан жүгіріп шықпау;
жол бойында велосипедпен жүруден аулақ болу;
жол ережелерін сақтау және оны өмірде қолдану;
жұмыс кезінде таза және тиянақты болуға тәрбиелеу.
Маңғыстау ауданы полиция бөлімі