
Маңғыстау ауданы полиция бөлімінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексеру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және есепте тұрған азаматтармен профилактикалық жұмыстарды күшейту.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын аралап, олардың өмір салтын, жұмысбастылығын және заң талаптарын сақтауын тексерді. Сонымен қатар әрбір азаматпен жеке профилактикалық сұхбат жүргізіліп, құқықбұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Полицейлер азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ құқықбұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілікті еске салды.
https://www.instagram.com/reel/DVx9VzHE8Xi/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==