Студенттерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық сабақ өтті

Студенттерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық сабақ өтті

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері мен медициналық колледж студенттері бірлесе отырып, Ш. Есенов атындағы университет студенттеріне жол-көлік оқиғасы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық сабақ өткізді.

Іс-шара барысында студенттерге жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмекті дұрыс және жедел көрсету әдістері көрсетілді. Сондай-ақ қатысушыларға жарақат алған адамға алғашқы көмек көрсету, қауіпсіздік шараларын сақтау және жедел қызметтер келгенге дейінгі әрекеттер алгоритмі тәжірибелік түрде түсіндірілді.

Мұндай сабақтардың мақсаты – жастардың жол-көлік оқиғалары кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және адам өмірін сақтап қалуға бағытталған алғашқы медициналық көмек көрсету мәдениетін арттыру.

https://www.instagram.com/reel/DVyCNVOjGKE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==