"Адал азамат" бағдарламасы аясында мектеп оқушыларымен құқықтық сабақтар өткізілді

"Адал азамат"  бағдарламасы аясында мектеп оқушыларымен құқықтық сабақтар өткізілді

Маңғыстау ауданының полиция бөлімі бірыңғай тәрбиелік бағдарламасы «Адал азамат», жедел-алдын алу шарасы «Жасөспірім» және «Стоп сталкінг» акциясы аясында мектеп оқушыларымен алдын алу әңгімелерін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру. Кездесу барысында оқушыларға сталкінг ұғымы, оның белгілері мен салдары, сондай-ақ зорлық-зомбылық, алаяқтық, нашақорлық, кибербуллинг және буллингтің алдын алу шаралары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Мамандар сталкінгтің адамның келісімінсіз үнемі бақылау, қудалау, әлеуметтік желілер арқылы қысым көрсету, қорқыту немесе жеке өмірге араласу арқылы көрінетін қауіпті мінез-құлық түрі екенін атап өтті. Оқушыларға күдікті жағдайлар туындаған кезде ата-аналарға, педагогтарға немесе құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттілігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, мектептің ішкі ережелері, оқушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ тәртіпті бұзудың құқықтық салдары талқыланды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Мақсаты – қауіпсіз, құқықтық санасы мен мәдениеті бар ұрпақ тәрбиелеу. Осындай алдын алу шаралары болашақта да жалғасады.