Маңғыстауда қоғамдық көлікке бақылау күшейтілді

Маңғыстауда қоғамдық көлікке бақылау күшейтілді

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жолға шықпас бұрын жалпыға бірдей пайдаланылатын көлік жүргізушілерінің денсаулық жағдайын, сондай-ақ автобустардың техникалық жағдайын мұқият тексерді.

🔹 Тексеру кезінде келесі элементтерге назар аударылды:

  • міндетті медициналық тексеруден өту;

  • тежеу жүйесінің жұмыс істеуі;

  • басқару жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі;

  • жарық приборларының жұмысы;

  • жолаушылардың қауіпсіздігіне әсер ететін басқа техникалық элементтердің жағдайы.

Жалпыға бірдей пайдаланылатын көлік жүргізушісінің жауапкершілігі жеке көлік иесінікінен айтарлықтай жоғары: автобус рульінде – ондаған адамдардың тағдыры. Әрбір жолаушының қауіпсіздігі жүргізушінің кәсібилігіне, денсаулығына және жол қозғалысы ережелерін сақтауына байланысты.

Алдын алу шаралары жалғасады. Құқық қорғау органдары жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік құралының техникалық жағдайын үнемі бақылауға және жолдағы қауіпсіздік – біздің ортақ жауапкершілігіміз екенін есте сақтауға үндейді.