Түпқараған ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында «Қауіпсіз көше» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері көшелерде, қоғамдық орындарда, ойын-сауық мекемелері маңында және жол қозғалысы қарқынды аумақтарда күшейтілген бақылау жүргізуде. Жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігіне, сондай-ақ түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз жүру деректеріне ерекше назар аударылуда.
Профилактикалық жұмыстар аясында тұрғындарға құқықтық түсіндіру шаралары жүргізіліп, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы ережелерін қатаң орындау қажеттігі ескертілуде. Сонымен қатар, мас күйінде көлік басқару, жылдамдықты асыру және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Аталған іс-шараның мақсаты – аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту.
