
Маңғыстау облысы аумағында Жедел басқару орталығының (ЖБО) бейнебақылау камералары арқылы жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы қағидаларын бұзу деректері тіркелді.
Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды. Аталған бап жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының белгіленген талаптарды сақтамауына жауапкершілік қарастырады.
Полиция тұрғындарды жолды тек белгіленген жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы кесіп өтуге, бағдаршам сигналдарын қатаң сақтауға және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Қарапайым ережені сақтау – өмірді сақтайды.