Ақтауда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Ақтауда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Ақтауда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Ақтау қаласы Полиция басқармасының Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесі тарапынан профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Қайталама хабарламалар тіркелген тәуекел тобындағы тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, олармен профилактикалық сұхбаттар өткізілді. Тексеру барысында отбасы ішіндегі ахуал зерделеніп, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Сұхбат барысында азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін көзделген жауапкершілік шаралары, сондай-ақ алкоголь өнімдерін шамадан тыс пайдаланудың құқық бұзушылыққа әкелетін кері әсері туралы ескертілді. Сонымен қатар агрессиялық мінез-құлықтың алдын алу және жанжалдарды бейбіт жолмен шешу қажеттігі түсіндірілді.

Аталған іс-шаралардың басты мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасы тұрақтылығын сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.