Алғыс айту күніне орай Жармыш ауылының ақсақалдары учаскелік инспекторға алғыс білдірді

Алғыс айту күніне орай Жармыш ауылының ақсақалдары учаскелік инспекторға алғыс білдірді

Алғыс айту күні қарсаңында Жармыш ауылының ақсақалдары учаскелік полиция инспекторы Айбеков Бауыржанға ризашылықтарын білдіру мақсатында полиция бөліміне арнайы барды.

Кездесу барысында ауыл қариялары тәртіп сақшысының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қажырлы еңбегін, тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, ел тыныштығын сақтаудағы жауапкершілігін ерекше атап өтті.

Ақсақалдар Бауыржан Айбековтің кәсібилігіне, адалдығы мен адамгершілік қасиеттеріне жоғары баға беріп, алдағы қызметіне табыс, абырой және мықты денсаулық тіледі.

Алғыс айту күні – бірлік пен татулықты нығайтатын, өзара сыйластық пен ризашылықты дәріптейтін маңызды мереке.