
2026 жылғы 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында республика көлемінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер тарапынан және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау, сондай-ақ қолайсыз отбасылар мен бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын ата-аналарды бақылауға алу.
Іс-шара аясында Мұнайлы ауданы полиция бөлімі ювеналдық полиция инспекторлары күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Рейдтік шаралар барысында ойын-сауық орындары, кафелер, интернет-клубтар, саябақтар мен жасөспірімдер жиі жиналатын орындар тексеріледі.
Полиция сағат 23:00-ден кейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуына тыйым салынатынын ескертеді. Заң талаптарын бұзған жағдайда ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ міндеті.