
Маңғыстау облысында республикалық «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы, оның ішінде Жол-техникалық инспекциясы, Көлік прокуратурасы, Мемлекеттік кірістер департаменті және ҚазАвтоЖол ҰК АҚ МОФ өкілдерінің қатысуымен бірлескен рейдтік шаралар аясында өткізіліп жатыр.
Шара барысында әр ведомство өкілдері өз құзыреті шеңберінде жұмыс атқаруда.
Техникалық ақауы бар көлікті басқару – 98 дерек
Көлікті заңсыз қайта жабдықтау – 19 дерек
Міндетті техникалық байқаудан өтпеу – 74 дерек
Көлікті басқару құқығы жоқ жүргізушілер – 28 дерек
Көлік құралын басқару құқығынан айырылған 6 жүргізуші анықталды
Сонымен қатар:
66 көлік құралы айып тұрағына қойылды;
100-ге жуық көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлері алынды;
Техникалық талаптарға сәйкес келмейтін көліктерді пайдалануға жол берген 14 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау – жай ғана талап емес, адам өмірін қорғаудың басты кепілі.
Жолда мәдениеттілік танытып, жауапкершілікті сезініп, адам өмірін бәрінен биік қояйық!