ҚР Қылмыстық кодексіне «Некеге мәжбүрлеу» және сталкингке қатысты өзгерістер енгізілді

ҚР Қылмыстық кодексіне «Некеге мәжбүрлеу» және сталкингке қатысты өзгерістер енгізілді

Маңғыстау ауданы полиция бөлімі хабарлағандай, Қазақстан Республикасының Президенті «ҚР заңнамалық актілеріне ҚР қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Заңға сәйкес:

  • Қылмыстық кодекс жаңа бап – 125-1 «Некеге мәжбүрлеу» бабымен толықтырылды;

  • Бұрын жобада қыз алып қашу ұғымы қарастырылған болса, кейін оның орнына «Некеге мәжбүрлеу» ұғымы қолданылды;

  • Жәбірленуші әйел адам да, ер адам да болуы мүмкін;

  • Сондай-ақ сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

Бұл өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту, жеке өмірге қол сұғуды, сондай-ақ некеге мәжбүрлеу және сталкинг сияқты құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында қабылданды.