«Тасымалдаушы» ЖПІШ аясында жол мәртебесі өзгертілді

«Тасымалдаушы» ЖПІШ аясында жол мәртебесі өзгертілді

«Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шетпе селосындағы жол инфрақұрылымына қатысты өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, Маңғыстау ауданына қарасты Қосбұлақ ауылынан Прокуратура ғимаратына дейінгі, яғни Қ. Жамансарин көшесі негізгі (басты) жол мәртебесіне ауыстырылды. Бұл шешім аталған бағыттағы көлік қозғалысының қарқындылығы мен әлеуметтік маңызын ескере отырып қабылданды.

Сонымен қатар, Қосбұлақ ауылынан Жанғабылов көшесіне қарай бағытталған жол учаскесі екі дәрежелі (екінші санаттағы) жол ретінде белгіленді.

Жол мәртебесінің өзгеруі көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыруға, жол қауіпсіздігін арттыруға және елді мекен ішіндегі инфрақұрылымды жүйелі дамытуға мүмкіндік береді.

ШетпеМаңғыстау ауданы