
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бастамасымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында және 23–27 ақпан аралығында өтетін «Шекаралар туралы диалог: қауіпсіздік, келісім, заң» және «Stop сталкинг» тақырыптарындағы іс-шаралар шеңберінде Жаңаөзен қаласындағы №23 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, заң алдындағы жауапкершілік, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы (сталкинг) бойынша кеңінен ақпарат берілді.
Іс-шара еркін диалог форматында өтіп, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Кездесу соңында кері байланыс ұйымдастырылып, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.