
21–24 ақпан
📍 Мұнайлы ауданы
Ақпан айының 21-24 күндері Мұнайлы ауданында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық көліктер қатысатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолаушыларды тасымалдау саласындағы заңбұзушылықтарды анықтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында қоғамдық көлік жүргізушілеріне:
жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау;
белгіленген жылдамдық режимін бұзбау;
көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылау;
жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау талаптарын орындау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері құжаттарды тексеру, заңсыз жолаушы тасымалдау фактілерін анықтау және профилактикалық әңгімелесулер ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде.
Полиция қоғамдық көлік жүргізушілерін жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.