Мұнайлы ауданында “Алкогольсіз аула” акциясы өтті

Мұнайлы ауданында “Алкогольсіз аула” акциясы өтті

Маңғыстау облысы Полиция департаменті бөлім бастығы, полиция подполковнигі Нұржан Оразұлы Махмутов “Алкогольсіз аула” іс-шарасы аясында жекеменшік мектептерді аралап, оқушылардың қауіпсіздігін тексерді.

Іс-шара барысында мектеп директорларымен кездесіп, бейнекамералар мен дабыл сигналдарының жұмысын қадағалады. Сонымен қатар, білім ордаларына жақын орналасқан азық-түлік дүкендерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алкогольдік ішімдік ішкен тұлғалардың мектеп маңында жүруіне жол бермеу мәселесі пысықталды.

Бұл шаралар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мектеп аумағын қорғауға бағытталған.