Қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз!

Қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз!

АПТАЛЫҚ ШОЛУ

2026 жылғы 13–20 ақпан аралығындағы құқық бұзушылықтар туралы ақпарат

Ақтау қаласы Полиция басқармасы 2026 жылдың 13–20 ақпан аралығындағы жедел ахуал бойынша төмендегіні хабарлайды.

🚔 Жол-көлік оқиғалары

Жүргізілген талдау нәтижесінде 9 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 15 адам түрлі дене жарақатын алды.

🔎 Қылмыс

Апта ішінде қоғамдық орындарда, ойын-сауық мекемелерінде, кафе-барларда және көшелерде барлығы 5 қылмыс тіркеліп, олардың барлығы ашылды.

🚨 Рейдтік іс-шаралар

Жұма және сенбі күндері жеке құрамның қатысуымен тәуліктік күшейтілген жасақтар құрылып, рейдтік іс-шаралар өткізілді.

🚗 Жол қозғалысы ережелерін бұзу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің:

  • 608-бабы бойынша (көлік құралын мас күйінде басқару) – 6 жүргізуші анықталды. Көлік құралдары арнайы айып тұраққа қойылып, материалдар әкімшілік сотқа жолданды;

  • 612-бап «Құжатсыз көлік басқару» – 208 дерек;

  • 596-3-бап «Қарсы бағытқа шығу» – 1 дерек;

  • 599-бап «Бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту» – 19 дерек;

  • 590-4-бап «Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағу» – 0 дерек;

  • 600-бап «Жаяу жүргіншілерге жол бермеу» – 84 дерек анықталып, құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды.

📄 Әкімшілік өндіріс

Апта ішінде барлығы 1679 әкімшілік қаулы шығарылып, оның 1017-сі өндірілді.

Салынған әкімшілік айыппұлды 7 тәулік ішінде 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік бар екенін ескертеміз.

⚠️ Ескерту

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Әрбір құқық бұзушылық пен жол ережесін сақтамау қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.