
Маңғыстау облысы, 23 ақпан 2026 ж. – 2026 жылғы 23 ақпан сағат 10:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты, атап айтқанда ауа температурасының төмендеуі және жаңбырдан кейін көк тайғақтың пайда болуы салдарынан, республикалық маңызы бар KAZ-11 "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" автомобиль жолының 632-786 шақырым аралығы (Шетпе-Ақтау) барлық көлік түрлері үшін жабық болады.
Жол учаскесінде қозғалысқа шектеу 2026 жылғы 23 ақпан сағат 18:00-де алынып тасталуы жоспарланған.
Жүргізушілер мен жол пайдаланушыларға жолдың жабылуына байланысты алдын ала жоспар жасап, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау ұсынылады.
https://www.instagram.com/reel/DVF27KsDnXt/?igsh=cjgxN21vOGUzNTg4