Күшейтілген қызмет тәртібі енгізілді

Күшейтілген қызмет тәртібі енгізілді

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде күшейтілген қызмет тәртібі енгізілді. Жеке құрамға арналған кешкі гарнизондық жиын Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Құрмантаев Сүйін Бекназарұлы және Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Махмутов Нұржан Оразұлының қатысуымен өтті.

Жиын барысында жеке құрамға республика көлемінде өтіп жатқан «Тасымалдаушы», «Алкогольсіз ауыл», «Тұрмыс», «Браконьер», «Автокөлік», «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында, сондай-ақ алдағы демалыс күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

🔹 Қызметтік тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік: Жеке құрамға қызметтік тәртіп талаптары, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде нақты нұсқаулар берілді.

🔹 Күшейтілген қызмет ұйымдастыру: Облыстық полиция департаментінің қосалқы күштерімен бірлесіп, Мұнайлы ауданы аумағында күшейтілген нұсқада патрульдік қызметтер ұйымдастырылды.

🚔 Қоғамдық тәртіп пен бақылау: Патрульдік бағыттар күшейтіліп, бақылау шаралары арттырылды. Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүзеге асырылды.

📌 Халыққа шақыру: Полиция департаменті тұрғындарды заң талаптарын сақтауына және күмәнді жағдайларды дереу «102» нөміріне хабарлауға шақырады.