«Алкогольсіз ауыл» және «Тұрмыс» жобалары – қауіпсіз орта кепілі

«Алкогольсіз ауыл» және «Тұрмыс» жобалары – қауіпсіз орта кепілі
 «Алкогольсіз ауыл» және «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында өңірде қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Іс-шаралардың басты мақсаты – алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын болдырмау, түнгі уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Полиция қызметкерлері ауылдық елді мекендерде профилактикалық рейдтер өткізіп, кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерін сату талаптарын түсіндіруде, ал тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мұндай бастамалар ауыл тұрғындары үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.