«Заң және тәртіп» қағидаты және «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Наркоправонарушениялардың алдын алу жөніндегі кеңес мүшелерімен бірлесіп, өңірдегі ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізді.
Рейдтің негізгі мақсаты – психоактивті заттардың заңсыз айналымының алдын алу, сондай-ақ ойын-сауық орындарында оксид азоттың («күлдіргіш газ») заңсыз сатылуы мен қолданылуын анықтау және жолын кесу.
Тексеру барысында кәсіпкерлік нысандардың иелері мен қызметкерлеріне қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, тыйым салынған заттарды заңсыз таратқаны үшін көзделген жауапкершілік туралы ескертілді. Профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция мұндай іс-шаралар өңірде қауіпсіз орта қалыптастыруға, азаматтардың денсаулығын қорғауға және жастар арасында қауіпті заттарды тұтынудың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
https://www.instagram.com/mangistaupd/reel/DVB8d2SDMxl/
