2025 жылдан бастап Қазақстанда «дропперлік» схемаға қатысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

2025 жылдан бастап Қазақстанда «дропперлік» схемаға қатысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Дроппер деген кім?
Бұл – банк картасы немесе шотын өзге адамдарға сыйақы үшін беретін адам. Нақтырақ айтқанда, алаяқтарға ақша шығарып алу үшін делдал болатындар.

🚫 Тыйым салынады:
•⁠ ⁠Банк карталарын, шоттарды үшінші тұлғаларға (жақын туыстардан басқа) беру;
•⁠ ⁠Басқа біреудің картасын немесе шотын пайдалану;
•⁠ ⁠Процент алу үшін біреудің ақшасын аударып беру.

⚖️ Жауапкершілік:
•⁠ ⁠Айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
•⁠ ⁠Егер шотқа немесе картаға заңсыз қол жеткізген болса - 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу.

📌 Есте сақтаңыз:
•⁠ ⁠Мұндай әрекетке бару - қылмыс жасаумен тең;
•⁠ ⁠Сіздің бостандығыңыз оңай тапқан ақшадан қымбат екенін ұмытпаңыз!