Ақтауда «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» форумы өтті

Ақтауда «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» форумы өтті

20 ақпан күні сағат 10:00-де Yessenov University (32 шағын аудан) конференц-залында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» атты форум өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамда заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттау болды.

Форум аясында сала мамандары жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі, отбасы мен мектептің рөлі, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Барша мүдделі азаматтар форум жұмысына қатысуға шақырылды.

https://www.instagram.com/p/DU9EI8UDJh-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==