
Шетпе ауылының әкімі А. Шамғұлов пен Маңғыстау ауданының полиция бөлімі басшысының орынбасары Б. Берікбаев ауыл кәсіпкерлерінің арасында түсіндіру және алдын алу іс-шараларын өткізді.
Іс-шара барысында келесі мәселелер қаралды:
кәсіпкерлік нысандардың аумағын көркейту,
санитарлық тазалық талаптарын сақтау,
нысандардың сыртқы көрінісін талаптарға сәйкестендіру.
Кәсіпкерлерге төмендегідей ұсынымдар берілді:
қолданыстағы талаптарды орындау,
ғимараттардың фасадтарын жөндеу,
маңайдағы аумақтарды таза ұстау,
ауылдың архитектуралық келбетін бұзбау.
Осы іс-шаралардың негізгі мақсаты – Шетпе ауылының сыртқы көрінісін жақсарту, санитарлық ахуалды күшейту және тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз ортаны қалыптастыру.