2026 жылғы 15–20 ақпан аралығында Қарақия ауданы аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері:
-
тұрмыстық құқықбұзушылық жасауға бейім тұлғаларды тексеруде;
-
профилактикалық есепте тұрған азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде;
-
қолайсыз отбасыларды анықтап, олармен профилактикалық әңгімелесулер өткізуде;
-
қорғау нұсқамаларының сақталуын бақылауда.
Сонымен қатар, цифрлық пробация бағыты бойынша пробация есебінде тұрған тұлғаларға бақылау жүргізіліп, электрондық бақылау құралдарын қолдану және заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Құрметті аудан тұрғындары!
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе өзге де құқықбұзушылық фактілеріне куә болсаңыз, дереу 102 арнасына хабарлауыңызды сұраймыз.
Қоғамдық қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет!
