-шара барысында өткен кезеңдегі қызметтік жұмыстар қорытындыланып, өңірдегі жедел ахуал баяндалды. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол-көлік оқиғаларын болдырмау бағытында нақты міндеттер қойылды. Сонымен қатар қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиын кезінде жеке құрамның қызметке дайындығы тексерілді: қызметтік куәліктері, арнайы құралдары және сыртқы келбеті қаралды. Қоғамдық орындарда патрульдеуді күшейту жөнінде қосымша тапсырмалар берілді.
Саптық жиын аясында Ақтау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері — полиция аға лейтенанты Абдурахим Сатешов пен полиция кіші лейтенанты Азамат Қарабалаев марапатталды.
Аталған қызметкерлер теңізде суға кету қаупіне ұшыраған кәмелетке толмаған баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, жедел әрекеті және кәсіби шеберлігі үшін көтермеленді. Олардың батыл әрі шұғыл әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.
Департамент басшылығы қызметкерлерге қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқарғаны үшін алғыс білдіріп, олардың әрекеті халыққа қалтқысыз қызмет етудің айқын үлгісі екенін атап өтті.
