Маңғыстау облысында әр аудан мен қалада профилактикалық кабинеттер жұмысын бастады

Маңғыстау облысында әр аудан мен қалада профилактикалық кабинеттер жұмысын бастады

Маңғыстау облысында әр аудан мен қалада құқық бұзушылықтардың алдын алу, халыққа әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ ара-құқықтық өзара іс-қимылды нығайту мақсатында профилактикалық кабинеттер жұмысын бастады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кабинеттердің қызметі Маңғыстау облысы полиция департаментінің профилактикалық жұмыс координациясы басқармасы арқылы ұйымдастырылып, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылады. Кабинеттердің жұмысы азаматтардың проблемаларын кешенді және бағытталған тәсілмен шешуге негізделген.

Профилактикалық кабинеттердің құрамына келесі мамандар кіреді:

  • Психологтар — дағдарыстық жағдайларда, отбасы дауларында, сондай-ақ тәуекел тобына кіретін жасөспірімдермен жұмыс жүргізеді;

  • Дәрігер-наркологтар — алкоголизм мен нашақорлықтың алдын алу, консультация және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

  • Медициналық қызметкерлер — алғашқы консультацияны қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда профильдік мамандарға бағыттайды;

  • Әлеуметтік қызметкерлер — жағдайы қиын отбасылар мен қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетеді;

  • Полиция қызметкерлері — құқықтық кеңес береді, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізеді және ара-құқықтық өзара іс-қимылды үйлестіреді.

Профилактикалық кабинеттерді ашу азаматтардың проблемалық жағдайларын уақытылы анықтауға, құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге және жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.