
Апта ішінде Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізді. Пәтерлер мен қараусыз қалған ғимараттарды аралау нәтижесінде 225 әкімшілік хаттама толтырылды.
Алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілері бойынша 26 құқық бұзушылық анықталып, 23 дүкенге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200 және 463-баптарына сәйкес әкімшілік материалдар рәсімделді.
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаланың абаттандыру қағидаларын бұзған 34 азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 29 азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 440-бабы негізінде шаралар қабылданды.
Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 35 қорғау нұсқамасы шығарылып, тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Сондай-ақ, шағын аудандарда тұрғындармен адам өлтіруге қарсы іс-қимыл, 2024–2026 жылдарға арналған ұрлықтың алдын алу бағдарламасы және интернет-алаяқтықтың профилактикасы тақырыптарында кездесулер ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды және подъездер мен үйлердің маңында велосипедтерді, балалар арбаларын, ұялы телефондар мен басқа да құнды заттарды қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.
Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік.