Маңғыстау ауданы мектеп оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өткізді

Маңғыстау ауданы мектеп оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өткізді

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бүгінгі таңда қоғамның басым бағыттарының бірі болып табылады.

Осы мақсатта Шетпе ауылында №7 мектеп-гимназия оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудандық полиция бөлімінің майоры Айжанова Галия Нұрлыбайқызы және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық тәрбие беру мәселелері түсіндірілді. Есірткіге тәуелділіктің, суицидтің, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттермен күресу және олардың жолын кесу шараларына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында және көшеде жүруін бақылау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізілетіні атап өтілді. Оқушыларға «құқық бұзушылық», «алаяқтық», «буллинг» ұғымдары түсіндіріліп, олардың түрлері мен салдары туралы айтылды.

Сондай-ақ он алты жасқа толмаған тұлғаларға мопедтер мен мотоциклдерді басқаруға қатаң тыйым салынатыны ескертілді.

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.

Маңғыстау аудандық полиция бөлімі