2026 жылғы 13 ақпанда Исатай Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің 10–11 сынып оқушыларымен құқықтық және діни сауаттылықты арттыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Маңғыстау облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры, сондай-ақ Маңғыстау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығы КММ-нің дінтанушы маманы қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдерге экстремизм мен терроризмнің алдын алу, заң талаптарын сақтау, діни бағыттағы ақпаратты дұрыс қабылдау және жеке қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Мамандар нақты мысалдар келтіріп, құқықтық жауапкершіліктің маңызын атап өтіп, сыни ойлау қабілетін қалыптастырудың қажеттілігіне тоқталды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Кездесу мазмұнды әрі пайдалы форматта өтті.