
Маңғыстау облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданы Ақшуқыр ауылының учаскелік полиция пункттеріне жоспарлы тексеру жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – учаскелік инспекторлардың қызметтік тәртіпті сақтауы, құжаттама жүргізу жұмыстарының сапасы және халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру.
Тексеру барысында қызметкерлердің жұмыс орындарының жай-күйі, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ азаматтардың өтініштері мен шағымдарының уақытылы әрі сапалы қаралуы сарапталды. Сонымен қатар, учаскелік пункттердегі қызметтік құжаттардың толтырылуы мен есепке алу журналдарының жүргізілуіне ерекше назар аударылды.
Тексеру қорытындысы бойынша ПД ҚҚБ басшылығы тарапынан учаскелік полиция пункттерінің қызметкерлеріне бірқатар ішкі іс-шаралар мен нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда:
тұрғындармен кері байланысты күшейту;
құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру;
қызметтік тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау;
анықталған кемшіліктерді жою және құжат айналымын оңтайландыру бойынша нақты шаралар қабылдау.
Маңғыстау облысы ПД ҚҚБ учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысын бақылауды және олардың кәсіби деңгейін арттыруды жалғастырады. Халыққа сапалы қызмет көрсету мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету – басты міндет.
https://www.instagram.com/reel/DU0aJ7-jOXo/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==