
Маңғыстау облысы Полиция департаменті мен «Лидер» қоғамдық бірлестігі – волонтерлік қозғалысы арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Келісімнің негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және халықпен тығыз байланыс орнату бағытында бірлескен жұмысты күшейту.
Құжат аясында тараптар құқықтық сауаттылықты арттыруға, жастар арасында профилактикалық іс-шаралар өткізуге, іздестіру жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға бағытталған бірқатар бастамаларды бірлесіп іске асыратын болады.
Полиция мен еріктілер қозғалысының өзара іс-қимылы қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық белсенділікті арттыруға және қауіпсіз орта құруға бағытталған.
Аталған келісім – мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының серіктестігін нығайтудағы маңызды қадам.
https://www.instagram.com/reel/DU0bZFsDOPB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==