«ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП»: Түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сату тыйым салынды

«ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП»: Түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сату тыйым салынды

Құрметті кәсіпкерлер мен тұрғындар!

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сату қатаң шектелген. Бұл шара қоғамдық тәртіпті сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

⚖️ Тәртіпті сақтау – ортақ жауапкершілік.
Белгіленген уақыттан тыс алкоголь өнімдерін сату заң бұзушылық болып саналады.

🚫 Заң бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Заң талаптарын орындамаған кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі бойынша жауапкершілікке тартылады.

Құқықтық мәдениетті бірге қалыптастырайық.
Барлық тұрғындарды қоғамдағы қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Мұндай профилактикалық шаралар құқықтық мәдениетті арттыруға, қоғамда жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.