Маңғыстауда интернет-алаяқтыққа қарсы профилактикалық жұмыс жүргізілуде

Маңғыстауда интернет-алаяқтыққа қарсы профилактикалық жұмыс жүргізілуде

«Құқық тәртібі» атты жедел-алдын алу шарасы аясында Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік секторының участкелік инспекторы, полиция аға лейтенанты М. Тұрсынов тұрғындарға интернет-алаяқтықтан қорғау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында тұрғындарға ең көп кездесетін алаяқтық түрлері туралы мәлімет берілді:

  • «банк қызметкері» немесе «құқық қорғау органы» атынан келетін қоңыраулар;

  • әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы күмәнді сілтемелер жіберу;

  • онлайн-несиелер рәсімдеу;

  • жалған инвестициялық жобаларға қатысу ұсыныстары.

Тұрғындарға келесі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді:

  • жеке мәліметтерді, банк картасының нөмірін, CVV-кодты және SMS арқылы келетін құпия кодтарды ешкімге бермеу;

  • күмәнді сілтемелерге кірмеу;

  • тек ресми қосымшалар арқылы қаржылық операциялар жасау.

Азаматтарға алаяқтық фактілерін анықтаған жағдайда дереу полицияға хабарласу керектігі ескертілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және интернет-алаяқтыққа байланысты қылмыстардың алдын алуға бағытталған.

https://www.instagram.com/reel/DUvg0wglTUo/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==